Түркістан облысында дүкен алдындағы 30 қауынды ұрлап кеткен жігіт анықталды

Қауын ұрлаған адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2022 14:23 Сурет: pixabay
Түркістан облысында дүкен алдындағы 30 қауынды ұрлап кеткен жігіт анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның дүкен сыртында тұрған 30 дана қауынын белгісіз біреу жымқырып кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Белгілі болғандай, күдікті өзінің көлігімен келе жатып дүкен бойындағы қараусыз тұрған қауынды көріп, өзімен бірге алып кеткен.

Яғни, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру ойы туындап, ешкімнің бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, 30 қауынды автокөлігіне салып кетіп қалған.

Сұрастыру жұмыстары кезінде куәлардан ақпараттар жинақталып, бейнекамераның көмегімен күдікті ер адам анықталды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз сөзінде күдікті қауынды жарамсыз деп санап, бағып отырған сиырына бермекші болғанын айтты.

Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: