Теміртауда көпқабатты үйде газ жарылып, жеті адамды күйік шалды
Сурет: Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті
Бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерде газ жарылып, артынша өрт шықты. Оқиға 13 наурыз күні сағат 13:56-да Алтыншы шағын ауданда болған, деп хабарлайды Zakon.kz .
7 адамды күйік шалған. Зардап шеккендердің арасында 5 бала бар.
"Шамамен 70-80% термиялық күйік алған екі ересек адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Теміртау қалалық балалар ауруханасында жатқан үш бала көмірқышқыл газына уланып, жансақтау бөліміне жатқызылды", – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасынан.
Бір бала Қарағанды қаласындағы облыстық балалар клиникалық ауруханасына жіберілді. Аяқ-қолын күйік шалған тағы бір бала амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Медициналық мекемелердегі науқастардың да, жансақтау бөлімдеріндегі зардап шеккендердің де жағдайы тұрақты.
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің мәлімдеуінше, пәтер аралық қабырға, пәтердің кіреберіс есігі және кіреберістің терезе блоктары зақымданған. Өрт сағат 14:19-да сөндірілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
