Алматы полициясы “синтетиканың” бірнеше дозасын тәркіледі
Сурет: Zakon.kz
Полицейлер екі “допингті пайдаланушыны” ұстау кезінде 27 бума психотроптық затты тәркіледі.
Әуезов ауданы аумағында, Достық ықшамауданында жеке тінту барысында Алматы қаласының 21 жастағы тұрғынынан есірткі заты бар 17 байлам табылды және тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат психотроптық есірткі екені анықталды. Полиция қызметкерлері 23 жастағы тағы бір қала тұрғынын 10 бума синтетикалық затпен ұстады.
"Тексеру барысында полиэтилен қаптамаға оралған синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Осы эпизодтар бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі және ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық істер тіркелді. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript