Жаңалықтар тізбегі
0

Мексика полициясы 14 жасар "Эль Чапитоны" сегіз адамды өлтірді деген күдікпен қамауға алды

Мексика, есіркті, қылмыс әлемі, қылмыскер, наркокартель, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 14:33 Сурет: Public Safety Department
Мексика билігі атышулы мексикалық наркобарон "Эль Чапоның" "құрметіне" "Эль Чапито" аталып кеткен 14 жасар баланы тұтқынға алды. Жасөспірімге сегіз адамның өліміне қатысы бар деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Билік бұл бала туған күнін тойлап жатқан отбасыға оқ атқан екі адамның бірі екенін айтты. UPI басылымының жазуынша, сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі жараланған, арасында үш жасар бала да бар.

Атыс Мехиконың солтүстік-шығысындағы Чималуакан қаласындағы Фандидорес ауданында болған.

Полийейлердің сөзінше, "Эль Чапито" рейд кезінде қамауға алынған тоғыз адамның ішінде болған.

Ұсталған бір адамға атыс шығарды деп айып тағылса, қалғандары есірткі қылмысы бойынша айыпталып отыр.

Тұтқындалған ересектер Неза Бордо түрмесіне жеткізілді, ал "Эль Чапито" жеткіншектерге арналған қылмыстық сот төрелігі жүйесіндегі мамандандырылған бақылау судьясына табысталды.

"Эль Чапо" лақап атымен танымал Хоакин Гусман қазір Колорадо түрмесінде ждатыр. Оған Синалоа есірткі картелінің жетекшісі ретінде бірнеше айып тағылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Мексикада жасөспірімдер жиі ауыр қылмыстар жасайды. 2010 жылдың басында "Эль Пончис" лақап атымен танылған 14 жасар бала тұтқындалды. Оған мексикалық наркокартельдің жалдамалы кісі өлтірушісі болған деген айып тағылды. 



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: