Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 4 жасар баланы өлтірді деген күдікпен өгей әке қамауға алынды

Полиция, Алматы, өгей әке, өгей бала, қайғылы оқиға, қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 18:02 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Алматы қаласының Наурызбай ауданында өгей әкесі төрт жасар баланы өлтіргені туралы ақпарат тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция бұған қатысты түсініктеме берді.

"Бұл фактіні Наурызбай аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркеп, тергеп жатыр", делінген хабарламада.

2004 жылғы Д. есімді күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған қылмыстық істі тергеу барысын Алматы қаласы ПД басшылығы ерекше бақылауына алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: