Саранда өзгенің гаражын бұзып, ішінен заттарын ұрлаған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қылмыскер ұсталды, гаражды тонаған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2023 14:53 Сурет: ҚР ІІМ
Саран қалалық полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Жәбірленуші түнгілік уақытта белгісіз біреу өзіне тиесілі гараждың қабырғасын бұзып, ішінен аккумулятормен құрал-жабдықтарын ұрлап кеткені туралы хабарлады.

Оған келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Күдікті ұрлаған заттарды сатпақшы болғанын мойындады.

Айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: