Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ “синтетика” өндіруге арналған 72 тонна прекурсор тәркіледі

Алматыда заңсыз есірткі айналымын ұйымдастырған топ ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2023 09:14 Сурет: ҚР ІІМ
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару үшін елге прекурсорлар жеткізуді жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел уәкілдер зертханада синтетикалық препараттарды өндіру үшін қолданылатын прекурсорларды жеткізу арналарын анықтау бойынша арнайы операциялар жүргізді.

Топтың әрбір мүшесінің рөлін және басқа адамдардың қатысуын анықтау үшін “арнайы жүк” бүкіл маршрут бойы бақылауда болды. Оған әуе арқылы барлау да қолданылды. Өткен жылдың қазан айында арнайы операцияның бастапқы кезеңінде, сондай-ақ ағымдағы жылдың наурыз айында прекурсорлардың контрабандасына қатысқан үш шетелдік азамат елден тыс жерлерде ұсталды.

Операцияның соңғы кезеңінде 21 наурыз күні Алматыда осы іс бойынша қалған фигуранттар – көршілес елдердің екі азаматы және қазақстандық құрықталды.

Олардан әртүрлі салмақта мефедрон, шетелдік полиция қызметкерінің жалған куәлігі, зип-пакеттер, электрондық таразылар, Калашников автоматының 7,62 мм калибрлі патрондары тәркіленді. Қоймаларды тінту барысында ІІМ және Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді дайындау үшін қолданылатын прекурсорларды, сондай-ақ екі реакторды, яғни синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған арнайы зертханалық жабдықты тәркіледі.

Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі 72,7 тонна. Осылайша 8 тонна синтетикалық есірткі өндіруге жол берілмеді. Бұл 8 миллион бір реттік доза. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. ІІМ синтетикалық есірткі өндірілгенге дейін прекурсорларды жою жұмысын жалғастыруда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: