Ақтөбе облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты
Сурет: diapazon.kz
24 наурызда Жем қаласына кіре берістегі теміржол өткелінде пойыз бен "Нива" автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Диапазон" басылымының мәліметінше, пойызда мұнай компаниясының жұмысшылары болған.
Мұлғаржар ауданында орын алған жол апаты салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тергеу амалдары қолға алынды.
Бұған дейін наурыз айының басында Ақтөбе облысында локомотив жолаушылар пойызымен соқтығысқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript