Ақтөбе облысында пойыз бен көліктер тиеген жүк көлігі соқтығысты
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
20 ақпанда сағат 15:50 шамасында Самара-Шымкент трассасының "Жазық" теміржол өткелінде жүк пойызы мен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жаңа көліктер тиеген ауыр жүк көлігінің жүргізушісі өткелдегі бағдаршамның тыйым салған белгісін елемей алға ұмтылып, пойызбен соқтығысқан.
"Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Жол апатының себебі анықталып жатыр", делінген хабарламада.
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Айта кетсек, алдында Ақмола облысында теміржол өткелінде де осыған ұқсас жол апаты орын алған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript