Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚК қызметкерлері 100 келіден аса героин тәркіледі

Есірткі таратып жүрген адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2023 09:15 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті.

ҰҚК жедел қызметкерлері жедел зерделеу барысында есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізді.

Кезең кезеңімен есірткіні тасымалдаудың жолдары мен айламен әкелу схемалары анықталды.

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2023 09:15

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізуді ұйымдастырушының өзі болып табылатын шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды.

"Жедел қызметкерлердің және «А» Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды." ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Материал Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: