Алматылық төтеншеліктер жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларымен бөлісті

Жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 21:07 Сурет: Zakon.kz
Сесмикалық аймаққа жататын Алматының төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ТЖД төмендегі жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым амалды алға тартады:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкінгенде жеделсаты мен баспалдақты қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз: жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;

5. ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіруге тырысыңыз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінісіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: