Алматыда жаңа электр станциясы іске қосылады

Алматыда жаңа электр станциясы іске қосылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 10:27 Сурет: Zakon.kz
Алматыда "Нұршашқан" және "Қайрат" шағын аудандарын тұрақты электрмен қамту үшін "Тұздыбастау" электр станциясы іске қосылады. Ол 2500-ден астам абонентті қамти алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгінде станция салынды. Қазір жеке аумақтар арқылы кабель желісін тарту үшін инженерлік дәлізді келісу мәселесі қалып отыр", - деді Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде.

2022 жылы Түрксіб ауданында 24 шақырым жаңа электр желілері тартылып, 13 трансформаторлық қосалқы станция қайта жаңғыртылған.

2023 жылдың желтоқсан айында Әлмерек, Нұршашқан және Шуақты шағын аудандарындағы электр желілерін жаңғырту аяқталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: