Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады

Автобус, общественный транспорт, городской транспорт, пассажиры, улица , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:40 Фото: Zakon.kz
Алматыда "Нұршашқан" шағын ауданы тұрғындарын қолжетімді көлікпен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрақты автобус бағыты ұйымдастырылды.

№91 бағыттағы автобус "Нұршашқан" шағын ауданы – Алматы-2 теміржол вокзалы" бағыты бойынша 13 желтоқсаннан бастап қатынайды. Бұл бағытты "Алматыэлектротранс" ЖШС "Golden Dragon" маркалы газбен жүретін автобустарымен қамтамасыз етеді. Күн сайын 12 автобус жолға шығады, қозғалыс аралығы 12 минут.

Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, маршрут уақытша байқау өткізілгенге дейін тасымалдаушыға берілді және сынақ режимде жұмыс істейді. Жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігін ескере отырып, қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, биыл мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алды. Жыл басынан бері қалалық мобилділік басқармасы 18 қала маңындағы және 3 қала ішіндегі маршрутты ұйымдастырды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: