Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды
№76 бағыты "Алма Сити-5"ТК" – Алатау даңғылы – Төле би көшесі – Әшімов көшесі – Райымбек даңғылы – Кудерин көшесі – Солтүстік айналым– "Сәлем" базарына қатынайды. "Әділет Авто" ЖШС қызмет көрсетеді.
Бағытта 2023 жылы шыққан ISUZU маркалы 14 автобус жүреді. Мұндағы жоспарлы қозғалыс аралығы 8 минутты құрайды.
Айта кету керек, Алматы әкімдігі ағымдағы жылы қосымша 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алуды жоспарлауда. Сонымен қатар, жеке тасымалдаушылар 400-ге жуық жаңа автобус пен 15 электробус сатып алуды жоспарлап отыр.
Қабылданған шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70% — ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл ретте автобустардың орташа жасы 3 жылды құрайды.