Түркістан облысында 72 түп жаңғақ ағашын ұрлаған азамат анықталды
Жәбірленуші ер адамға келтірілген шығын көлемі – 150 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
Бұл ұрлық қылмысын ашу бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Тыңғылықты жүргізілген шаралар нәтижесінде күдіктіге қатысты ақпарат анықталды. Яғни, сезікті ер адам көрші ауылдың тұрғыны болып шықты.
Ол түнгі уақытта жәбірленушінің өсіп тұрған 72 түп жаңғағын қазып алып, өзінің жеке көлігімен әкеткен. Сатып, ақша етемін деген ойы полицейлердің қырағылығы арқасында іске аспады.
Қазіргі таңда айғақты зат ретінде қолды болған 72 түп жаңғақ тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Күдікті ер адам бұрын сотты болған. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.