"Сау-тамтығы жоқ". Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Полиция мәліметінше, Audi 100 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі Алматы-Көкпек–Көктал тас жолының 196 шақырымында жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, 1964 жылғы азамат тізгіндеген Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz
Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның үш жолаушысы (біреуі - бала), сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Сурет: Zakon.kz
Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Олардың бірінің жағдайы ауыр екені де нақтыланады.

Сурет: Zakon.kz
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының СДТБТ-да тіркелді.

Сурет: Zakon.kz
Қазір қажетті сараптамалық зерттеулерді тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz