Павлодарда жол апатынан бір адам көз жұмды
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Павлодар облыстық ПД қаза тапқан адамның жол апатына түрткі көліктің жолаушысы болғанын нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, 1 сәуірде сағат 12:45 шамасында Аudi автокөлігінің жүргізушісі кіші айналма көшесі бойында жол беру белгісін елемей, Hennigdorf тіркемесі бар Man автокөлігімен соқтығысты.
Audi көлігінде болған жолаушы оқиға орнында мерт болды.
"Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның мән- айы мен себептері тексеру барысында анықталады", делінген полиция хабарламасында.
Айта кетсек, 1 сәуірде Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript