Ақмола облысында Жабай өзенінің тасуы мүмкін екені ескертілді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 21:17 Сурет: pixabay
5-6 сәуір аралығында күндізгі ауа температурасының жоғарылауы болжамына және қардың белсенді еруіне байланысты Есіл өзені алабында су деңгейінің көтерілуі күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.


"Ақмола облысында Атбасар қаласындағы Жабай өзенінде су деңгейінің одан әрі қауіпті деңгейге дейін көтерілуі күтілуде (4 сәуір сағ. 16-да – 535 см, қауіпті деңгей – 650 см). Қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елдімекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басуы мүмкін", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін су тасқынына байланысты Қостанай облысы Қарасу ауданындағы Карамырза ауылының тұрғындары эвакуацияланғаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: