Жаңалықтар тізбегі
0

Каспий жағалауындағы қамыс өрті осымен үшінші күн сөндіріліп жатыр

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 21:42 Сурет: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Каспий жағалауындағы қамыс өрті осымен үшінші күн сөндіріліп жатыр. Соңғы келіп түскен дерекке сәйкес, қызыл жалын 89,5 гектарды жалмап үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылы 4 сәуірде сағат 17.00-ден бастап өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ-тың су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта негізгі өрт ошақтарына әуеден 14 рет, жалпы көлемі 70 тонна су төгілді. Қазіргі уақытта сөндірілмеген аумақ шамамен 4 гектарды құрайды". Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Айта кетсек, Каспий теңізі жағалауындағы қамыс өртін жою үшін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдардың және "АқЖайық" табиғи мемлекеттік резерватының қызметкерлерімен бірлесіп үш күн бойы жалынмен күрес жүргізуде. 2 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін 80-нен астам гектар өрт сөндірілді (өрттің жалпы ауданы 89,5 га құрайды).

"Өртті сөндіру жұмыстары аралас тәсілмен жүзеге асырылуда. Мәселен, жергілікті жердің сулы-батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникасы өрт ошағына жете алмағандықтан, сөндіру жұмыстары жаяу тәртіппен тарсылдатқыштардың, аспалы өрт сөндіргіштердің көмегімен жүргізілуде. Жолы бар басқа учаскелерде тиісті өрт сөндіру техникасы жұмылдырылуда". Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы


Қамыс өртін сөндіруге барлығы 70-тен астам адам және 20-ға жуық бірлік әртүрлі техника жұмылдырылған. Төтеншеліктер облыс аумағындағы өрт жағдайының мониторингі ерекше бақылауға алынғанын да нақтылайды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: