Каспий теңізі жағалауындағы бір аптаға созылған қамысты алқап өрті толықтай сөндірілді
Сурет: pixabay
Атырау облысында13 шілдеде сағат 16:00-де Каспий теңізі жағалауындағы қамыс өрті толығымен жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер 7 күн бойы отпен арпалысты. Күннің аптап ыстығы, аумақтың сулы, батпақты болуы, сондай-ақ қамыстың тығыз қалың өсуі өрт сөндірушілердің өртті тез арада сөндіруіне кедергі туғызғаны да нақтыланады.
"Өрт сөндіру автотехникасы жол болмауына байланысты өртті сөндіру жаяу түрде өрт сөндіргіштер мен арнайы құрылғыны қолдану арқылы және ТЖМ авиациясы көмегімен жүзеге асырылды", делінген хабарламада.
Бұған дейін "Семей Орманы" табиғи резерватындағы өрт толығымен жойылғаны хабарланған болатын. Қызыл жалын 60 мың гектарды жойғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript