Ақтөбе облысында үй алмақ болған тұрғындар алаяққа алданып қалған

Ұрылар ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2023 13:55 Сурет: Zakon.kz
Алға ауданы полиция бөлімі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алға қаласының 34 жастағы тұрғыны 2022 жылдың соңында байланыстары бар екеніне сендіріп, әлеуметтік бағдарлама арқылы пәтер алуға көмектесе аламын деген сылтаумен төрт жәбірленушіден ақша иемденгені анықталды.

Жәбірленушілер қолма-қол ақша берген және банк терминалы арқылы ақша аударған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: