Қазақстанның екі облысында 650 ақбөкен өлексесі табылды

Ақбөкендердің жұптасуы кезінде (қараша-желтоқсандағы жұптасу) аталықтардың табиғи шығыны артады. Ол орта есеппен 15-30%-ға дейін болуы мүмкін. Бұл туралы Zakon.kz-ке 7 ҚР Табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді.
Сонымен қатар киіктердің қырылуына көбіне түрлі табиғи-климат жағдайы, мысалы, жұт себеп болады. Соның салдарынан қыста киіктердің азығы жетіспейді.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бүгінде 650 өлі киік өлексесі табылған екі аймақ туралы айтты:
- Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданынан 124 өлі киік өлексесі (104 аталық, 20 аналық);
- Батыс Қазақстан облысынан (ең көбі Орал популяциясынан) 526 өлексе (456 аталық, 65 аналық, бес жасы кіші) табылды.
"Табылған өлекселердің басым бөлігі - еркегі. Бұл жұптасудан кейінгі табиғи өлімді білдіреді", - деп түсіндірді департаменттегілер.
Сонымен қатар комитет ақбөкендердің қырылу себебін анықтау мақсатында ветеринарлық қызметтер өлген жануарлардан патологиялық материалдар алды.
"Қар жамылғысы ерігеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың біріккен күштері, "Охотзоопром ПО" МКҚК және аумақтық инспекциялардың күшімен өлі ақбөкендер табылған аумақтар тазартылып жатыр. Қазір 650-ден астам ақбөкен өлексесі табылып, жойылды".Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript