Шымкентте хайуанаттар бағында кішкентай қыз сындырған әйнекті демеуші төлейтін болды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2023 14:41 Сурет: видеодан алынды
Шымкентте хайуанаттар бағындағы қоршаудың сынған әйнегіне қатысты оқыс оқиға тараптардың татуласуымен шешілді. Сонымен қатар, залалды өтейтін демеуші де табыла кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздың ата-анасы хайуанаттар бағы әкімшілігінің БАҚ арқылы таратқан ескертуінен құлағдар болып, мекемеге келген, кешірім сұраған. Осыдан кейін хайуанттар бағының басшылығы олардың үстінен түсірген арызын кері қайтарып алды. Сондай-ақ қоршау әйнегін қалпына келтіру шығынын толық өтеуге дайын демеуші де табылды, деп жазады Otyrar.kz.

Өз кезегінде хайуанаттар бағының басшылығы мұндағы қарапайым ережелерді сақтауды сұрайды:

- әйнекті ұруға болмайды;

- жануарларды тамақтандыруға, оларды мазақ етіп, ашуландыруға болмайды;

- хайуанаттар бағындағы ескерту белгілерін елеп-ескеру қажет.

Айта кетсек, 5 сәуірде Шымкентте кішкентай қыз маймылдар отырған қоршаудың әйнегін сындырып алғаны хабарланған болатын. Оқыс оқиғаға куә қыздың ата-анасы хайуанаттар бағынан тез кетуге асыққан. Хайуанаттар бағы басшылығы егер ересектердің өздері мекемеге келіп, кешірім сұрамаса, онда қалалық полиция департаментіне арызданатындарын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: