БҚО-да бұрынғы әйелін пышақтап кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Іздеу жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2023 16:45 Сурет: БҚО ПД баспасөз қызметі
33 жастағы ер адам дәмхана маңында 28 жастағы бұрынғы әйеліне бірнеше рет пышақ салды. Одан кейін ол қылмыс орнынан ізін суытқан. Қанды оқиға 8 сәуірде сағат 01:40-та Бәйтерек ауданының Переметный ауылында орын алды, деп хабарлады Zakon.kz-ға БҚО ПД баспасөз қызметі.

Зардап шеккен адам - тірі. Ол Бәйтерек ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Күдікті іздестіріліп жатыр. 


Сурет: БҚО ПД баспасөз қызметі


"Күдіктінің орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Күдіктіні іздеуге және анықтауға полицияның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды. Аталған фактіге сәйкес, "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: