Бразилияның 53 қаласында төтенше жағдай жарияланды
Сурет: pixabay
Бразилияда алапат су тасқыны жалғасып жатыр. Осыған байланысты Маранхао штатындағы 53 қалада төтенше жағдай жарияланды.
Елдің Ұлттық метеорологиялық қызметінің болжамынша, мұнда бүгін жауын тағы да құюы мүмкін.
Маранхаоның әскери құтқару департаменті хабарлағандай, су апатынан 36 мыңға жуық адам зардап шекті. Соның сегіз мыңы үйлерін тастап кеткен немесе мүлде баспанасыз қалған, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұған қоса, тасқыннан 6 тұрғын қаза тауыпты.
Аймаққа президент Лула да Силва сапар шегіп, топан су жайлаған аудандарды тікұшақпен барлап, жергілікті халықпен кездесті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript