Алматыда дүкенге әйел адамның басы салынған пакет тастап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Бүгін әлеуметтік желілерде белгісіз ер адам Алматыдағы Шолохов көшесіндегі базардағы бутиктердің біріне әйелдің басы салынған пакет тастап кеткені жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 08:42-де 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлама түскен. Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексеріп, әйелдің басы кесілгенін анықтады.
"Оның жеке басы анықталды: 1976 жылы туған азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған",– делінген хабарламада.
Полиция біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық істі тіркеді.
Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript