Алматыда адамды арыққа лақтыра салған көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 21:56 Сурет: видеодан алынды
Оқыс оқиға Алматыдағы Сәтпаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орын алған. Белгісіз ер адам жолдың ортасында тұрып, көлік жүргізушілеріне кедергі келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Мас жаяу жүргінші туралы мәлімет қалалық полиция департаментіне 8 ақпанда сағат 17:15-те келіп түсті.

Анықталғандай, 28 жастағы алматылық орташа дәрежеде мас күйде болған.

Апатты жағдай туғызғаны үшін (ӘҚБтК-нің 615-бабы) және қоғамдық орынға мас күйінде жүргені үшін (ӘҚБтК-нің 440-бабы) П. деген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ер адамды тас жолдан көтеріп алып, арыққа лақтырған шетелдік көлік жүргізушісінің жеке басы анықталып жатыр. Оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Айта кетейік, зардап шеккен азамат медициналық көмекке жүгінген жоқ. Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Думан Аухадиев

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: