Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды

Қайғылы оқиға Сурет: polisia.kz
11 сәуірде Алматы облысы Саты ауылы маңындағы өзен бойынан жасөспірімнің денесі табылды. Өңірлік ПД Zakon.kz-ға күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылғанын жеткізді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 2006 жылғы кәмелетке толмағанның денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен Кеген ауданының 17 жастағы тұрғынын ұстады. 


"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Ұсталған адам УҰИ-ға қамаққа алынды.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз