Сириядан бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылды

Сирия, содыр, ҚР ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2023 12:25 Сурет: pixabay
2023 жылғы 11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылды. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, қызды қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілді.

"Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Осы сәтте қыз бала медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүріп жатыр".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сондай-ақ жақын арада ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетіні мәлім болды.


Комитет өкілдерінің хабарлауынша, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Отанымызға қайтарды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: