Абай облысында жазатайым оқиға орын алып, жасөспірім қаза тапты
Сурет: pixabay
Абай облысында шөпті түптеп, орап жатқан кезде жантүршігерлік жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, 2023 жылдың 14 сәуірінде Бесқарағай ауданында орман шаруашылықтарының бірінде жасөспірім өзінің танысымен бірге шөп жинап, оны түптеп жатқан. Жұмыс барысында жәбірленуші трактор мен шөп орау қондырғысы арасын жалғастырушы темір білік жанында тұрған. Ол біліктен секіріп өтпек болғанда оған ілініп, оралып, қысылып қалған.
Салдарынан 17 жасар жасөспірім оқиға орнында дене жарақатынан жан тапсырды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript