Жаңалықтар тізбегі
0

Егер азамат қаруын өз еркімен тапсырса, оған 345 мың теңгеге дейін төленеді

Егер азамат қаруын өз еркімен тапсырса, оған 345 мың теңгеге дейін төленеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 12:51 Сурет: pexels
Қазақстандықтар бір аптада 399 атыс қаруы мен 1,4 мыңнан астам винтовкаға арналған патрондарды тапсырған. Ішкі істер министрлігі халықтан қару-жарақ сатып алу науқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бір аптада ішкі істер органдарына 317 азамат жүгініп, олар өз еркімен 399 дана атыс қаруын, 1,4 мыңнан астам винтовкаға арналған патрондарды тапсырды", - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

10 сәуірде тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды қайтарып алу науқаны басталды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 88 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Ішкі істер министрлігінің қару-жарақ заттарын халықтан қайтарып алу шаралары 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы кезеңде азаматтар жалпы сомасы 1,9 миллиард теңгелік 56 мыңнан астам атыс қаруын, 2 миллионнан астам винтовкаға арналған патрондарды өз еркімен тапсырды.

Еске салайық, қаруды өз еркімен тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың техникалық жағдайына қарай әр қаруға 34 000 теңгеден 345 000 теңгеге дейін төлем қарастырылған.

Қаруды әр аумақтық полиция органдары қабылдайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: