Азаматтар екі аптада 600 қаруды және 2,5 мыңнан астам патронды өз еркімен тапсырды

Азаматтар екі аптада 600 қаруды және 2,5 мыңнан астам патронды өз еркімен тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 12:02 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ішкі істер министрлігінің 10-сәуірде басталған жыл сайын өткізетін заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды халықтан сатып алу акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі аптада ішкі істер органдарына 488 азамат жүгінді. Олар 600-ден астам атыс қаруын, 2,5 мыңнан астам патронды өз еркімен тапсырды.

"Еске сала кетейік, қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың техникалық жағдайына байланысты оның әрбір бірлігі үшін 34 мыңнан 345 мың теңгеге дейінгі сомада төлем көзделеді", - делінген хабарламада.

Қару-жарақ заттарын қабылдау әр аумақтық полиция органында жүргізіледі. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 88 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: