Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда түсті металл іздеушілер Кеңсай зиратындағы бейіттерді тонап кеткен

Алматыда түсті металл іздеушілер Кеңсай зиратындағы бейіттерді тонап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 09:41 Сурет: pixabay
Алматыда зираттарды бұзу оқиғасы жиілеп кетті. Түсті металл іздегендер қоршауларды, ескерткіштерді және тағы басқаларды алып кетеді. Зираттың тәртіп сақшылары түсті металл қабылдау пунктерін бақылауды күшейту керек деп есептейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Евразия бірінші арнасының хабарлауынша, белгісіз біреулер Кеңсай зиратындағы бірнеше бейітті тонап кеткен. Вандалдар тіпті металл қоршауларды кесіп тастаған. Мұны туған-туыстарының бейітіне зиярат етуге келген қала тұрғындары көріп, түсіріп алған. Олардың пайымдауынша, мұндай тонау аумақты бақылаудың жеткіліксіздігінен болып отыр. Ал бақылау камералары бұл мәселені ретке келтіруге көмектесер еді.

Зират басшылығы болса, әр бейітті күзете алмаймыз деп отыр.

Зиратты күтіп ұстау қызметін «Мамандандырылған жерлеу қызметтері комбинаты» атқарады. Бірақ зиратты жеке мекеме күзетеді. Бірақ бұл мекеме де ұрлыққа жауапты емеспіз деп түсініктеме берген.

"Серіктестік мүліктің сақталуына жауап бермейді. Ол дегеніміз - бейіттер, қоршаулар, ескерткіштер. Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасындағы бейіттер, бейіт құрылысы - туыстарының немесе оларды құрған мекемелердің меншігі".«Қаланың жерлеу қызметтерінің мамандандырылған комбинаты» ЖШС директорының орынбасары

Сонымен қатар компания кейінгі жылдары вандализм фактілері шынымен де жиілеп кеткенін растады. Зират қызметкерлері қылмыскерлерді бір емес, бірнеше рет оқиға орнында ұстаған көрінеді. Бірақ мәселені шешу үшін тәртіп сақшылары түсті металл қабылдау пунктеріне бақылауды күшейту керек деп есептейді.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: