Жаңалықтар тізбегі
0

"Үйге баса-көктеп кірген". Жетісу облысында жас келіншекті қинаған қос күдікті ұсталды

Қарақшылық шабуыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2023 16:18 Сурет: Zakon.kz
21 сәуірде Жетісу облысы Көктал ауылында жеке үйге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы полицияға хабарлама келіп түсті. Үй иесі - 28 жастағы келіншектің айтуы бойынша аузы-басын тұмшалаған екі белгісіз ер адам үйге басып кірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, әйелді байлап, пышақпен қорқытып, қолма-қол ақша талап етіп, тұншықтырған. Ойлағандарын іске асыра алмаған олар үйдегі екі қымбат телефонды, гауһар тастары бар зергерлік бұйымдарды, ноутбук, әмиян және аулада тұрған Toyota Camry көлігін ұрлап кеткен.

Шығын көлемі - 22 млн теңге.


"Аудандық полиция қызметкерлері облыстық КПБ және ҰҚҚКБ жедел уәкілдерінің көмегімен күдіктілерді анықтады. Олардың бірі - 23 жастағы жергілікті тұрғын, екіншісі Көксу ауданының бұрын сотталған 29 жастағы ер адамы болып шықты. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды. Ұрланған заттардың барлығы заңды иесіне қайтарылды". Панфилов аудандық ПБ бастығының орынбасары Ернар Қалтаев

ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: