Қызылордадағы мектептердің біріне "мина қойылды"

Қызылорда, жарылғыш зат, мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 14:33 Сурет: Zakon.kz
Сәуірдің 24-і күні белгісіз біреу Қызылордадағы мектепке "мина қойылғанын" хабарлады. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп мәлімдейді Zakon.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, 24 сәуірде полицияға Қызылорда қаласындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі келді.

Ғимараттан адамдар эвакуацияланды, тексеріс жүргізілді: ешқандай тыйым салынған заттар мен жарылғыш заттар табылған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: