Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйіне жарылғыш зат "қойылды"

Алматы, жарылғыш зат, Ritz-Carlton, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 10:35 Сурет: pixabay
2023 жылғы 3 қыркүйек кешке белгісіз біреу қоңырау шалып, Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйіне "бомба қойылғанын" хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz.
Қонақтар мен қонақүй қызметкерлері эвакуацияланды.
Алматы полициясының баспасөз қызметі 3 қыркүйек күні сағат 23:51-де Бостандық ауданында орналасқан қонақүйлердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскенін нақтылады.
"Қаланың барлық жедел қызметтері дереу көрсетілген нысанға тартылды. Қонақтар мен қонақүй қызметкерлері эвакуацияланды. Сапер бөлімшесі көпқабатты үйді екі сағатқа жуық тексерді". Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бірақ жарылғыш зат табылмаған.

"Қазіргі уақытта аты-жөні белгісіз тұлғаның жеке басын анықтауға, оны ұстауға және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүріп жатыр". Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

2023 жылғы 18 шілдеде Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріне "жарылғыш зат қойылғаны" жөнінде хабарлама түскен. Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: