Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жалдамалы пәтерден қару-жарақ арсеналы табылды

Алматы, қару-жарақ арсеналы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 17:49 Сурет: polisia.kz
Алматы тұрғыны қару-жарақ арсеналын өзі тұратын жалдамалы пәтерде жасырған. 1995 жылғы жігіт атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның жалға алған тұрғын үйінен тегіс ұңғылы мылтық, екі винтовка, пневматикалық тапанша және әртүрлі калибрлі 400-ге жуық оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

"Алдын ала болжам бойынша, бұл қару қылмыстық жолмен алынған болуы мүмкін. Тиісті сараптама тағайындалды. Сонымен бірге оның қару қолдану арқылы бұзақылық жасады деген күдікке ілінгені анықталды", – дейді Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Алматы, қару-жарақ арсеналы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 17:49

Сурет: polisia.kz

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен және 293-бабының 3-бөлігімен қылмыстық істер тергеліп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: