Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында есірткі жеткізудің ірі арнасы жойылды

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 17:46 Сурет: ҚР ІІМ
Абай облысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы ҚР ІІМ арнайы бөлімшесімен операция жүргізу нәтижесінде Астана қаласынан психотроптық заттарды жеткізудің ірі арнасын жойды.

Есірткі құралдарын шағын бумаларға орап, облыс орталығында құпия орындарға жасырып, ғаламтор арқылы сатуды іске асырған азаматтың жеке басы анықталды.

23 жастағы қойып кетушіден қолға түскен кезде спицификалық иісі бар ұнтақ консистенциялы ақ түсті зат бар екі полиэтилен пакет табылды. Тұрғылықты жері бойынша тексеру барысында күдіктіден қара түсті скотчпен оралған 37 орам табылып, тәркіленді.

Оның ішінде спицификалық иісі бар ұнтақ консистенциялы ақ түсті зат, 9 қорап зип-пакет, сондай-ақ өлшеп орауға арналған заттар болған. Сараптама қорытындысы бойынша, ұсталған адамнан жалпы салмағы 406 грамм болатын аса ірі мөлшерде А-PVP синтетикалық аса қауіпті психостимулятор, бұдан басқа жалпы салмағы 6,68 грамм мефедрон психотроптық заты тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Осы қылмыстық әрекетке қатысы бар басқа да тұлғалар анықталып жатыр. Күдіктіні құрықтаудан бұрын көлемді жұмыстар атқарылды, ендігі қызметкерлер тұлғаның есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екенін дәлелдеу үшін бірқатар іс-шаралар жүргізеді.

Айыпталушы бөліктің санкцияларында көзделген ең жоғары жаза мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: