6-8 мамырға арналған ауа райы болжамы: 7 градусқа дейін аяз және шаңды дауыл

"Қазгидромет" демалыс күндері – 6-8 мамыр аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
"Атмосферадағы қысымның жоғарылауы құрғақ және ашық ауа райын сақтай отырып, Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарындағы ауа райына ықпал етеді. Бұл ретте ауа температурасының жоғарылау процесі жалғасады. Түнде елдің көп бөлігінде 1-7 градус аяз болады"."Қазгидромет"
Сонымен қатар синоптиктер республикада жел күшейіп, оңтүстік облыста шаңды дауыл соғатынын хабарлады.
Бұған дейін Шымкентте ауа райының қолайсыздығы салдарынан 1-4 сыныптарда сабақ қашықтан өтетіні хабарланған еді. Дауылды ескертуге сай, қалада шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 25 метр күшейеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript