Еліміз бойынша 6 мамырға арналған ауа райы болжамы

Гүл, ауа райы болжамы, 6 мамыр, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 18:35 Сурет: freepik
Синоптиктер алдағы сейсенбі, 2025 жылы 6 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша ауқымды антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек еліміздің батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста нөсер жаңбыр болып, арасында бұршақ түседі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында тұман болады деп болжанады", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде Қостанай өңірінің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің үш ірі қаласында 2025 жылғы 6, 7 және 8 мамырда қандай ауа райы болатынын болжаған болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: