Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында әкесі мен төрт баласы уланып өлді: полицейлер отбасы неден уланғанын айтты

Алматы облысы, Көлащы ауылы, улану, жансақтау бөлімі, көпбалалы отбасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 13:04 Сурет: polisia.kz
4 мамырда Алматы облысының Көлащы ауылында бір отбасының бес бірдей адамы: әкесі мен төрт баласы қаза тапты. Полицияның баспасөз қызметі Zakon.kz басылымына қайғылы жағдайдың болжамды себебін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, бұл дерек дереу тіркелді.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, тергеуді толық жүргізу үшін оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭС шақырылды". Алматы облысы ДП баспасөз қызметі

Сондай-ақ ведомство соңғы шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің қорытындысы бойынша шығарылатынын атап өтті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер иіс газынан уланған".Алматы облысы ДП баспасөз қызметі

 4 мамыр күні жеке тұрғын үйде улану салдарынан 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қаза тапты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: