Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысында қар суы шайып кеткен жол бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жетісу облысы, ҚР Бас прокуратурасы, қылмыстық іс, Кербұлақ ауданы, су шайып кеткен жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 09:58 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысының Кербұлақ ауданында автомобиль жолын салу кезінде жіберілген бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 наурыз күні Кербұлақ ауданында еріген судың шабы салдарынан Малайсары станциясына қарай автомобиль жолы жартылай бүлініп, жарамсыз болып қалды. Прокурорлық тексеру нәтижесінде осы учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында заңның өрескел бұзушылықтарына жол берілгені анықталды.

"Бастапқыда бұл жұмыстар мемлекеттік органға жобалау-сметалық құжаттамасыз және сараптама жүргізбестен мемлекеттік сатып алуды жүргізуге мүмкіндік беретін ағымдағы жөндеу түрінде заңсыз жүргізілген. Бұл өз кезегінде техникалық және авторлық қадағалау тарапынан бақылауды жояды", – делінген хабарламада.

Қадағалаушы органның мәліметінше, нәтижесінде су бұру жүйелерінің өткізу қабілеті есептелмеген және жүргізілген жұмыстардың сапасы қамтамасыз етілмеген.

Прокуратура мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерінде мемлекетке зиян келтірген және аса ірі залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтады.

Осы факт бойынша 3 сәуірінде ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 3-тармағының 4-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: