Әділет вице-министрі Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Сурет: atameken.kz
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова сенат кулуарында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовтің ұсталғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер Әділет вице-министрінен "Абылай Мырзахметовтің бұрын сотталғанын ескергенде, қазір оған қандай жаза тағайындалуы мүмкін?" деп сұрады. Ботагөз Жақселекова "Біздің мемлекет - құқықтық мемлекет" деп жауап берді.
"Біздің ел - құқықтық мемлекет. Адамның іс-әрекеті сотта дәлелденбейінше, кінәсіз болып саналады. Осындай фактілердің барлығы бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, сот шешімі шығарылуы керек. Сол үшін біздің тараптан ол кісіге қанша мерзім беруі мүмкін екені туралы пікір айту менің ойымша, орынсыз. Барлығы тергеу нәтижесіне, жасалған әрекеттердің біліктілігіне байланысты. Заң бойынша оның бәріне жауапкершілік қарастырылған. Енді қандай қорытынды шығатыны туралы айту теориялық тұрғыдан қиын".Ботагөз Жақселекова
10 мамырда Антикоррупциялық қызмет "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовті ұстады. Антикоррупциялық қызметтің ресми өкілі Арман Тлеукеновтің мәлімдеуінше, ол алаяқтық және туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінді.
Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript