Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл сайын елімізде адам саудасына қатысты 100-ден аса қылмыс тіркеледі

Жыл сайын елімізде адам саудасына қатысты 100-ден аса қылмыс тіркеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 17:24 Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы Астанада өткен адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі форумда айтылды.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, елімізде жыл сайын адам саудасына қатысты 100-ден аса қылмыс тіркеледі. Ал биылғы 4 айда 12 қылмыс тіркелген. Оның ішінде бас бостандығынан заңсыз айырылғандарды жұмыспен қанау, жезөкшелікке тарту мақсатында притондарды ұйымдастыру және оларды ұстау сияқты фактілер бар.

Сонымен қатар форумда «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы таныстырылды. Құжат қазір парламенттің қарауына енгізілген. Жобаны адам саудасының құрбандарына алғашқы көмек ретінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төлеу қарастырылған. Сонымен қатар олар оңалту орталықтарына жатқызылады. Жиналғандар қоғамды алаңдатқан проблеманы ушықтырмас үшін заңнамалық құжат аса қажет деп есептейді.

"Заң жобасы өте маңызды. Адам құқығын қорғауға және эксплуатациядан бас тартуға мемлекеттің бір өзінің шамасы жетпейді. Оған БАҚ, мемлкеттік емес ұйымдар, қарапайым азаматтар көргеннен кейін бәрін шығарып, айтып отыру керек. Мұны жеке басым үнемі айтып кетемін", - деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов Қазақстан ұлттық телеарнасына.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: