Түркістан облысында 11 жасар қыз суға батып кетті

Түркістан облысы, Абай ауылы, Ошақты каналы, оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 09:51 Сурет: pixabay
Түркістан облысының Абай ауылында қайғылы жағдай болды: 8 мамыр күні 11 жастағы оқушы қыз "Ошақты" каналына батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz .

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қыз судан өздігінен шыға алмай қалған. Бұл жағдай оның құрбысының көз алдында болған.

Қыз ойнап жүріп, абайсызда суға құлап кеткен. Кейін денесі оқиға орнынан 5 шақырым жерден табылды.

"Суға батып кеткен қызды іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері, 8 полиция қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 4 қызметкері және туыстарынан 12 адам жұмылдырылды. Іздеу барысында "Ошақты" каналындағы су уақытша тоқтатылды". Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: