Петропавлда ер адамдар үш жасөспірімді соққыға жыққан

Петропавлда ер адамдар үш жасөспірімді соққыға жыққан, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 11:08 Сурет: pexels
7 мамыр күні Петропавлдағы Интернациональная көшесінде жаппай төбелес болды. Солтүстік Қазақстан облысы полициясы Zakon.kz сайтына қазір тергеу амалы жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Оқиға әлеуметтік желі арқылы белгілі болды. Ақпаратты желіге жүктеген адамның айтуынша, алты мас ер адам жасөспірімдерге шабуыл жасап, олардың басынан кезекпен ұрған.

Полицейлер ақпаратқа қатысты түсініктеме беріп, "Жанжал кезінде белгісіз біреулер 16 жастағы үш жігітке дене жарақатын салғаны анықталды" деді.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Бұзақылық әрекетті жасады деген күдікпен 2003 жылы туған ер адам ұсталды".СҚО ПД баспасөз қызметі

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр деп хабарлады ведомство.

28 сәуірде Алматыда жаппай төбелес болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: