Қарағанды облысы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Санжар Әділов Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы болып Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен тағайындалды.
Министр жаңа бастықтың бірқатар жауапты лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мен жоғары кәсіби шеберлігін атап өтіп, жаңа жұмыс орнында жетістіктер тіледі. Сондай-ақ министр осыған дейін департамент бастығы болған Ерлан Файзуллинге атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, Қостанай облысындағы жаңа жұмыс орнына сәттілік тіледі.
"Қарағанды облысы полициясының басшылығы мен жеке құрамының алдында полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшу, проблемаға бағдарланған тәсіл мен сервистік элементтерді енгізу, қағазбастылықтан арылуды жалғастыру, сондай-ақ қызметті цифрландыру бойынша міндеттер жүктелді".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Сонымен қатар тергеудің жаңа нысандарына, енгізілген заңнамалық түзетулерге оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы жұмыстың дайындығына баса назар аударылды.
Министр Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының бағыттарының бірі ретінде жүйеішілік өзгерістерге жеке тоқталды.
Атап айтқанда, сотқа дейінгі процесті оңтайландыру, кадр саясатын қайта қарау, ішкі конкурстық іріктеуді енгізу негізінде қызметкерлерді ілгерілету тәртібі, қызметкерлердің жұмыс жағдайларын жақсарту, материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту жөніндегі шаралар.
Санжар Әділов Әскенұлы 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
Еңбек өтілі:
- Алматы қаласы ІІББ Әуезов ауданы ІІБ жанындағы полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі, аға тергеушісі (24.09.1999 - 16.01.2002);
- Алматы қаласы ІІББ Медеу ауданы ІІБ жанындағы полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі, аға тергеушісі (16.01.2002 - 12.12.2002);
- Алматы қаласы ІІББ Бостандық ауданы ІІБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары (12.12.2002 - 06.10.2003);
- Алматы қаласы ІІББ Бостандық ауданы ІІБ тергеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы (06.10.2003 - 27.11.2003);
- Алматы қ. ІІД Бостандық ауданы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы (27.11.2003 - 11.07.2005);
- Алматы қ. ІІД Әуезов ауданы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы (11.07.2005 - 12.12.2006);
- Алматы қаласы ІІД Алмалы ауданы ІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары (12.12.2006 - 12.04.2007);
- Алматы қ. ІІД Әуезов ауданы ІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары (12.04.2007 - 09.02.2009):
- Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) тергеу басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы;
- Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) тергеу басқармасы бастығының орынбасары (23.02.2009 - 30.03.2009);
- ҚР ІІМ Тергеу комитеті әскери тергеу басқармасы тергеу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі (30.03.2009 - 21.01.2011);
- ҚР ІІМ Тергеу комитетінің Талдау және аймақтық бақылау бөлімінің бастығы әрі әскери-тергеу басқармасы бастығының орынбасары (29.11.2011 - 03.10.2012);
- ҚР ІІМ Тергеу комитеті әскери-тергеу басқармасының бастығы (29.04.2013 - 30.12.2013);
- Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (30.12.2013 – 27.11.2018);
- Алматы қ. ПД бастығының орынбасары (27.11.2018- 4.11.2019);
Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалғанға дейін ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы қызметін атқарған.