Алматының бір бөлігі жарықсыз қалып, көше у-шу
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының орталығы апатқа байланысты жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Байланыс орталығының хабарлауынша, апат күрделі, жер асты ток кабелі зақымданған.
Сәтбаев – Құрманғазы – Достық – Назарбаев көшелерінің қиылыс аумағында жарық жоқ. Әрине, бұл аумақта бағдаршамдар да істемей тұр.
Мамандардың жарықты қашан қалпына келтіретіні белгісіз.
Ауданда мобильді интернет те жұмыс істемей тұрғаны айтылады.
Бұған дейін Ақтау тұрғындары жарық пен сусыз қалғаны хабарланған болатын. Маңғыстау облысының энергокомбинатында жабдықтар токтан автоматты түрде ажыратылып, соның салдарынан электр беру процесінде ақаулар орын алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript