Елорданың бір ауданы жартылай жарықсыз қалды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 21:20 Сурет: pixabay
Астанада Байқоңыр ауданы жартылай жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уәлиханов көшесі бойында, Артем базары ауданында, сондай-ақ Республика даңғылының бір бөлігінде жарық жоқ. 

"Ақмола облыстық электр желісін тарату компаниясының балансындағы "Астана" 110/10кВ қосалқы станциясында ақау орын алды. Оқиға орнында жұмысшылар жағдайды анықтап, реттеп жатыр". "Астана-АЭК" АҚ баспасөз қызметі

Апаттық жағдайда электр жарығының сөнуі сағат 20:14-те орын алғаны нақтыланады. Апатты жою бригадалары қосалқы стансаны сол жақ тізбекке қосты. 


"Сағат 21:13-те Астана қосалқы станциясы және ЧЛЗ қосалқы станциясы бойынша шектеулер алынды. Қосалқы станциялар ЖЭО-2-Астана ӘЖ - 110 кВ-тан қуат алады", деп атап өтті компаниядағылар.


Айта кетсек, 13 ақпанда Қазақстанның алты облысында апатты жағдайға байланысты электр сөндірілді.

Энергетика министрлігі аталған жағдайға түсініктеме берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: