Алматының үш ауданы жарықсыз қалды

электр, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 22:06 Сурет: Zakon.kz
Алматының үш ауданы жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында бірқатар сектордың тұтынушыларына электр энергиясы бір сағат ішінде берілді. 

Сәтбаев – Қонаев – Төле би – Сейфуллин көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың электр қуатының үзілуі ПС-58А қосалқы станциясының жұмысындағы ақауға байланысты болды.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандарын штаттан тыс жағдайдың алдын ала себебі ретінде ПС-58А қосалқы станциясын қоректендіретін кабельдік желінің механикалық зақымдануын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: